Исатай ауданында «Жас тілшілер» клубы құрылды

Жастар жылына орай ауданымызда құрылған ұйымдардың бірі - «Жас тілшілер» клубын ашуды аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ринат Нәбидоллаұлы ұсыныс еткен болатын.

Ол аудан көлемінен журналистикаға қабілетті жастарды тауып, бастарын біріктіруімді тапсырды. Бұл бастаманың көтерудегі Негізгі мақсатымыз - сөз өнеріне қызығушылығы басым жастарды бір арнаға тоғыстырып, еліміздің ақпарат саласының болашақ білгірлерін дайындау.

Ілес Нұрболатұлының «Aqqystau oil» парақшасы арқылы көптеген талапты жастарды жинай алдық, жоспарымызбен бөлістік. Сөйтіп, жас тілшілер ұйымына алдағы өтетін шараларға жоспар дайындық.

jastil2

Бір қуанарлығы – сөз өнеріне жақын жастардың барлығы да қоғамдық өмірдің әр саласын қамтитын ақпарат айдынының тайғақ кешулеріне қарамастан, журналистика жүгін арқалауға ынталы. Нәтижесінде алғаш құрылған маусым айынан бері, бас-аяғы бір-екі айдың көлемінде, келешек жетістіктердің ұшқыны анық байқалуда. Мысалы, журналистика мамандығының 1 курс студенті Айдана Сатым республикалық грантқа ие болды. Ал, топ мүшесі Перизат Ерболатқызы күні кеше Атырау қаласында өткен «Бастау» республикалық жас кәсіпкерлер форумына қатысып, белгілі жас кәсіпкер Арслан Даримовпен сұхбат барысында Нұр-Сұлтан қаласына жолдаманы ұтып алды. Осылайша, Перизат өзінің бизнес-жоспарларын жүзеге асыруда керемет мүмкіндікке ие болып отыр. Сондай-ақ, филология факультетінің 1 курс студенті Анар Шұғыпан мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Ал, Арсен Сағидуллинның журналистика саласына деген қызығушылығы соншалық, ол аудандық газетке мақаларын жариялау арқылы өз қабілетін одан әрі шыңдауда. Аз да болса, бұл - біздің алғашқы жеңісіміз.

«Жас тілшілер» клубы мүшелері алда талай игі істердің басы-қасында жүруді қалайды. Сөйтіп, жалынды жас журналистердің білімді ортасын қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ, облыстағы жаңалықтардың жаршысы - «Атырау» газетінің, «Atyrau» телеарнасының және ауданның төл басылымы - «Нарын таңының» сөз зергерлерімен бірлескен шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлаудамыз.

Жас дос, егер сенің де журналистика саласына қызығушылығың болса, онда ойланбастан бізге қосыл!

Айкөркем НҰРҒАЛИҚЫЗЫ

Аққыстау ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521