bannerqaz

«Jas Starдың» жоспары көп

Исатай ауданының өнерлі жастары аудан орталығындағы «Арай» мейрамханасында бас қосты.

Ауданымызда өнерлі жастар аз емес. Қай салада қызмет етсе де, өнерден қол үзбеген олардың аудан, облыс мәдениетіне қосып жүрген үлестері зор. Әрқайсысы әр төңіректе жүрген соң да шығар, бір «әттеген-айы» осыған дейін оларда шығармашылық орта қалыптаспаған. Еркін форматта өткен кездесудің бір мақсаты өнерлі жастардың басын қосу, кеште көңіл сергітіп, шығармашылық жоспарларымен бөлісу болатын.

j

Тағы бір айта кетеріміз, бұл басқосу ешқандай мекеме, ұйымдардың қолдауы не ұйымдастыруымен емес, жастардың өзара ақылдасып қолға алған бастамасы екен.

- Өңірімізде өнерлі жастардың қатары өте көп, бұл алғашқы басқосуымызда олардың бәрін бірдей қамти алмадық. Бір жағынан аз уақыттың ішінде ойластырылған шара болды. Алдағы уақытта қатарымыз көбейе түседі деген ойдамыз, - дейді ұйымдастырушылардың бірі, аудандық «Жалын» мәдениет үйінің қызметкері Ұлан Меңдіғазиев.

j

Сондай-ақ ол жастардың қызықты кездесуде шығармашылық жайында, соның ішінде аудан халқына мәдени демалыс шараларын ұйымдастыру жөнінде ой бөліскендіктерін айтады. – Көбінесе алыс ауылдар ауқымды шаралардан шет қалып жатады. Ауданның өнерлі жастары жиылып, сол ауылдарға концерттік бағдарламалар ұсынсақ дейміз. Қайырымдылық шараларынан да қалыс қалғымыз келмейді. Кештің де, жаңа команданың да аты «Jas Star» деп алдық. Жалпы командамыздың жоспары көп. Енді соны іске асыру қажет, - дейді Ұлан.

j

Шарада жастарға достық әзілдер жазылған тілек хаттар табысталды.

Серікбол БЕРІКБАЙ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz