Х.Ерғалиевты туған ауылы есіне алды

Қазанның 14-і күні Новобогат селолық мәдениет үйінде Хамит Ерғалиевтің туған күніне орай «Ұлтым дедім - ұлғайдым» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Ақынның өмірбаянын бейнебаян арқылы суреттеген сюжетпен басталған кеште Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің ұстаздары мен оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыса, күйші Асылжан Хамитов Құрманғазының «Айжан қыз» күйін орындады.

khamit-2

Кезінде ақын осы күйді зерттеп, хорға арнап сөз жазған екен. Экраннан күйші Қаршыға Ахмедияровтың орындауында Хамит Ерғалиевке арнап шығарған «Хамаң толғауы» шығармасы мен оның жауынгерлігін суреттейтін бейне ролик те көрсетілді.

khamit-3

Ақын сөзіне жазылған «Ескірмеген махаббат» әнімен жұбайлар Сейілхан Мұсағалиев пен Толқын Нығметова, «Елге сапар» әнімен Талғат Сатыбаев, қылқобызда Қуат Шілдебаевтың «Қаракемер» күйімен Айдана Уәлиқызы сахнада өнер көрсетті.

khamit-soy

Кезегінде Қамысқала ауылдық округінің бас маманы Серік Смағилаұлы, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Құмарұлы және шараға арнайы шақырылған қонақ, жазушының жақын туысы Хамзи Ерсайынұлы ақын туралы естеліктерімен бөлісті.

Шара соңында Қамысқала мәдениет үйінің директоры Жібек Сағидоллақызы ақын кешінде өнер көрсеткен өнерпаздарды марапаттап, алғыс хаттар табыс етті.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521