Саз мектебі жеңіспен оралды

30 қараша - 1 желтоқсан күндері Атырау қаласында «Art Raindow» халықаралық өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақ сұңқар» халықаралық балалар және жасөспірімдер шығармашылығының бесінші фестивалі өтті.

sazjeniss

Оған Исатай ауданынан Новобогат балалар саз мектебінің өнерлі оқушылары қатысқан болатын.

sazjaen

Әртүрлі аспаптан өнер көрсеткен сайыста домбырашылар арасынан Айнұр Муфтоллаева - I орын, Сәттібек Иван – II орын (ұстазы Мәншүк Багитова), Ардақ Болат - I орын (ұстазы Мейрамгүл Наурызова), Аружан Хаби мен Нұрдәулет Марат III орынды (ұстазы Жеңісгүл Алипова) еншілеп, ауыл мерейін асырса, қобыз аспабы бойынша Айкөркем Айдынғали, Ақжарқын Кенжебайқызы, Айсәуле Қуанышбековалар (ұстазы Гаухар Исакулова) жүлделі I орынды жеңіп алды. Бали аспабында шебер ойнаған Айгерім Муфтоллаева (ұстазы Айнұр Тұхпатова) II орынды қанағат тұтса, дәстүрлі ән жанры бойынша Тахмина Шаймардан II орын, Әсем Мэлсқызы III орын (ұстазы Айнагүл Базарова) алып қуантты.

sazjenist

Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521