Жанарыс бас жүлде мен 300 мың теңге иеленді

Махамбет ауданында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының халық әртісі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған «Қазақтың Қаршығасы» атты облыстық күй орындаушылар сайысы өтті.

Тұщықұдық ауылының тумасы, болашағынан көп үміт күттіретін жас өнерпаз Жанарыс Оспан аталған күй сайысында өзгелерден озық танылып, бас жүлдені жеңіп алды.

Барынша қатал сындармен жас домбырашылардың арасынан тек үздікті ғана таңдауды мақсат еткен байқауда талапкерлер күйшінің «Имаш Байжұма» күйін орындауға және Қаршыға Ахмедияров нұсқасындағы Құрманғазы, Дина Дәулеткерейдің күйлерін, соңында өз қалауымен бір күй орындап шықты

Екінші айналымда да күйшінің «Атырау», «Ақмешіт», «Алтын ұя», «Мұнайшы Ақжелең», «Жібек Жетісу», «Күй-ұран» күйлерінің ішінен жеребе бойынша бір күй және Махамбет Өтемісұлының бір күйін орындаған жалпы саны тоғыз қатысушының ішінен қара үзіп жүйрік шыққан жерлесіміз бас жүлдеге қоса 300 мың теңгеге ие болды.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521