bannerqaz

Атырау қаласында 97 көшеге асфальт төселеді

«Жұмысшылар қала маңындағы 97 көшеге, яғни, 102 км жолға асфальт төсейді» деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс орталығының негізгі көшелерінде ғана емес, қала маңындағы селолық округтерде де құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтсақ, Ақсай-2, Тасқала-3, Дамба-2, Еркінқала-2 ауылдық округтерінде жуық арада жаңа асфальт пен тротуарлар пайда болады. Өзге аудандардағы секілді мұнда да мердігерлер жол төсемін тегістеп, жиектерін жөндеп, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар жасайды.

- Қазіргі уақытта қала маңындағы 20 көшеге - 14 шақырымнан астам жол төселді. Жұмыс әлі де жалғасуда, мердігерлер алдын-ала жоспарланған учаскелерге жаяу жүргіншілер жолдары мен тратуарларға асфальт төсейді, - дейді қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Алмас Сарсенов.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz