Билік кәсіпкерлердің адалдығына назар аударады

ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы Президиумінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті бизнесмендердің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізілді.

Онда өңір экономикасын дамытудың түрлі мәселелері бойынша кадрларды дайындау, мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық мазмұнды ұлғайту, т.б. мәселелер қаралды.

culibaev

Отырыс отандық мұнай өнеркәсібінің 120 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

- Шын мәнінде, жақсы мейрам. Өздеріңіз білесіздер, Атырауды туған қалам деп айта аламын. Әкем осында бес жыл қызмет етіп, облысты басқарды. Өзім 1997 жылдан бері осы облыспен, мұнай-газ саласымен, экономиканың басқа секторларымен ажырамас байланыстамын. Әрине, осы жерде, Атырауда мұнайдың 120 жылдығын мерекелеуге қатысу - мен үшін үлкен мәртебе, - деді Тимур Құлыбаев.

atamecen23

Сондай-ақ Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов өңірдегі бизнестің дамуы туралы баяндап, проблемалық тұстарға тоқталып өтті. Тимур Құлыбаев мемлекеттік құрылымдар мен квазисектор біртектес өнімдерін, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы заңның сақтала бермейтіндігін, статистика бойынша, мемлекеттік сатып алулардың 75 пайызы бір көзден алынатынын атады. - Бірнеше жеткізуші қатысатын тендерлік рәсімдермен салыстырғанда бағаның жоғары болуы байқалады, кейде 30 пайызға дейін жетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен келісіміміз бар - сатып алулардағы бағалар нормадан асып кеткен жағдайларда жауап қатылады. Бұндай жүйе осындай ақпаратты автоматты түрде беріп отырады, - деді ол. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев билік пен бизнестің қарым-қатынасы мәселесіне назар аударды. - Мына мәселеге назар аударғым келеді: Бизнес субъектілерін қолдау туралы айта отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы билік кәсіпкерлердің адалдығына, инабаттылығына назар аударатынын атап өтті. Бизнестің дамуы адамдардың денсаулығы мен өміріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Мәселен, бір кәсіпкер автотұрақ жасаймын деп алған жеріне жазғы кафе салып, нәтижесінде айналадағы үйлердің тұрғындары таңғы сағат 4-5-ке дейін шудан ұйықтай алмаймыз деп шағымданды. Оның себебін білейін деп барған әріптестерімнің үстінен кәсіпкер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттікке арыз жазып, жаңағы қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы шешім шығарылды. Не үшін деген сауал туындайды. Тұрақтылықты, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган ретінде біз бұған жауап береміз. Ал, бұл жерде мемлекеттік қызметшілер қараланып отыр. Сондықтан, бизнесмендерден түсінікпен қарап, ақпаратты тек өзіне тиімді түрде ұсынбауды сұраймын. Қай бизнесмен де табыс түсіруге ұмтылады, бірақ, қоғамдық қауіпсіздік те маңызды екенін ескеру керек, - деді Нұрлан Ноғаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521