Білім қалада емес, білікті мамандар ғана сонда

Қазір байқасақ, ауыл халқы қалаға бейім. Оның басты себебі тұрмыс-тіршілік қамы болса, тағы бір мақсат бала тәрбиесі, олардың сапалы білім алуы үшін болып отыр.

Ұстаздың еңбегін жоққа шығаруға болмайды, әрине. Дегенмен, несін жасырайық, ауыл баласы мектептен заман талабына сай жоғары деңгейде білім алып шыға алмауда. Бұл жайлы ел Президенті Қ.Тоқаев Жолдауында былай деген болатын: «Қала мен ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап барады. Негізгі мәселе – ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы». Мемлекет басшысы сондықтан «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруымыз қажеттігін атады. «Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд. теңгеге жеткізуді тапсырамын» дегені де ұрпақ болашағына жасалған тың қадам болмақ.

Білім қалада емес, білікті мамандар ғана сол жақта. Ендеше, оларды неге ауылға тартпасқа?

С.ҚАЙЫПҚАЛИ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521