Бос жер телімдері тәркіленеді

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауын Қазақстан халқына алғаш рет жария етті.

Жолдауда Мемлекет басшысының айтуынша, кәсіпкерлік саласына ерекше мән берілмекші. Мәселен, оған "Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы менің шешімім күшіне енеді. Біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс біздің бизнесіміздің парасаттылығы мен заңға мойынсұнушылығына сенеміз" деген сөзі дәлел бола алады.

Сондай-ақ пайдаланылмаған жер телімдері де тәркіленетінін айрықша атап өтті. Осыған орай "Мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан-босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде "латифундистер" қатары көбейіп келеді.

Ауылшаруашылығы үшін берілген жерлерді тәркілеуге көшу керек" деп тапсырма беруі де көп жайды аңғартса керек. Сонымен бірге Президент жердің шетелдіктерге сатылмайтынын да айтып өтті. Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы еліміздің қарқынды дамуы үшін өте маңызды құжат саналатыны даусыз.

Мырзажан Балпанов,

еңбек ардагері

Жанбай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521