bannerqaz

«Бұл Жолдау – кәсіпкерлікке үлкен қолдау»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі» деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт Кемелұлы 5 пайыздық міндетті зейнетақылық жарнаның енгізілу мерзімін шегеруді тапсырды.

Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы. Кәсіпкерлер бұл бастаманы да қуана қабылдады. Нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер санының артары сөзсіз.

Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.

Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлер үшін осынысымен құнды.

Нұрым Мусин,

Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы Исатай аудандық филиалының директоры

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz