Дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін

«Қазгидромет» мәліметі бойынша, 12 маусымда Қазақстанның көптеген жерлерінде ауа райы құбылмалы болады. Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болмағанымен, кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, дауыл соғып, бұршақ жаууы да мүмкін, солтүстікте тұман күтілуде.

Бұл күні Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең - тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірегенде 15-20 м/с-қа дейін ұйытқиды. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде тұман түседі, күн күркірейді, дауыл соғады.

Солтүстік-батыстан және батыстан жел соғады, кей жерде екпіні – 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 23 м/с.

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында кей жерде төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысында кей жерде – желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл, Қарағанды облыстарында – дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

«Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с, Солтүстік Қазақстан облысының кей өңірлерінде дауыл соғады» деп хабарлайды «Қазгидромет» мамандары.

Ал, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, сондай-ақ, Маңғыстау аймағының кей жерлерінде аптап ыстық болады деген хабар бар.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521