Қоғамдағы келісім - өркендер ел үшін

Президент Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталды.

Осының өзі елімізде әлеуметтік және экономикалық даму мен тұрақтылықты қамтамасыз ету – басқарушы билік пен азаматтық қоғам арасындағы диалогты одан әрі дамытуға тікелей тәуелді екендігін көрсетеді. Халықпен тиімді кері байланыс орнатуға қатысты қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Азаматтық белсенділік, ел тағдырына деген жауапкершілік, тұрмыс сапасын жақсартуға деген ұмтылыс халқымызды алға жетелейді. Осы ұстанымдарды басшылыққа алып, еліміздің дамуына тың серпін беру – маңызды міндет.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңымен құрылған аудандық қоғамдық кеңестің де негізгі жұмысының мәні – жергілікті билік пен халықтың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, аудан әкімдігі мен мәслихатының азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты қабылданатын қаулы-шешімдерін қабылдамас бұрын қоғамдық кеңеспен келісу керектігі – жергілікті халықпен кеңесуді көздегендік. Аудандық қоғамдық кеңестің 15 мүшесінің 10-ы - аудандағы азаматтық қоғамнан сайланған өкілдер. Айтылып келе жатқандай, халық пен биліктің арасындағы тығыз байланысты орнықтырудағы Қоғамдық кеңестер рөлін одан әрі жетілдірудің кейбір кедергілерін болдырмау мақсатында қазіргі заңға өзгерістер енгізу мәселесі аталған Жолдаудың аясында оң шешімін табатынына күмән жоқ.

Жансих МАШТАХОВ,

мемлекеттік қызметтің үздігі,

аудандық қоғамдық кеңес мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521