Қамысқалалық үш адам көлік апатынан қаза болды

19 қаңтар күні, сағат күндізгі төрттер шамасында Атыраудағы Сарыөзек ауылы тұсында Lada ВАЗ-2114 және DAW жүк көлігі бетпе-бет соғысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында жеңіл автокөліктегі 3 жолаушы қаза болды.

«Ақ Жайықтың» ақпараты бойынша, қаза болғандардың үшеуі де (1978, 1981 және 1998 ж.т.) Исатай ауданының тұрғындары - ерлі-зайыптылар мен олардың 21 жастағы туысқаны болып шықты. «ВАЗ-2114» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға орналастырылды.

Атырау облысы полиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-тармағы («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғатын көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521