Қолөнерші шеберлік сыныбын музейде өткізді

Исатай аудандық музейінің ұйымдастыруымен қамысқалалық қолөнерші Гүлзира Хайруллинаның шеберлік сыныбы өтті.

Оған Абай, Аққыстау, Өркен орта мектептерінің технология пәні ұстаздары мен бір топ оқушылар және "Сырғалым" қыздар клубының мүшелері қатысты.

qoloner-muz

- Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой-өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу бағытында осы жылға жоспарланған шаралардың бірі осы қолөнер бұйымдарын, соның ішінде тоқыма тоқуды үйретуге арналған болса, алдағы уақытта ер балалармен бірге ағаш бұйымдарын жасаудан да өтетін шеберлік сабағымыз бар, - деді музей меңгерушісі Гүлмарал Жұбанова.

Әдемі кәжекей киген арулар бірінен-бірі өтіп, саусақтары майысып, әп-сәтте кішкентай сәбиге арналған башмақ тоқып үйреніп алды.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521