ШАЛҒАЙ АУЫЛДАР ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

Қазіргі таңда аудан аумағында тұратын 28 мыңнан асатын халықтың нақты 17081-і сайлау құқығы берілген жастағы тұрғындар болып табылады.

Бүгін, яғни сайлау басталатын мезгілде әр жақта тұратын немесе әлдебір шаруалармен өз дауысын басқа жерде беруге ниетті тұрғындардың есептен уақытша шығару парағы санына сәйкес жалпы есепте қалған 16966 сайлаушылардың көбісі аудан орталығы мен ауылдық округтерде тұратыны белгілі.

Алайда, Аманкелді, Ауқайраң, Жасқайрат елді мекендері мен құм өңіріндегі Қызыл үй, Айбас, Үштаған, Мыңтөбеде тұратын тұрғындар үшін арнайы көлік қаралып, оған ілеспе жасайтын қызметкерлер қаралған. Олар дәл қазіргі сәтте жердің шалғайлығына қарамастан аталған барлық қоныстардың барлығына да барып, ондағы адамдарға да дауыс беру мүмкіндігін жасап жатыр.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521