Тігінші тегін дәріс берді

Гүлсім апаймен өткен жылы ауылға арнайы тапсырмамен Президент Жолдауын насихаттай келген кезінде танысқанмын.

Тігін өнеріне жасы 50-ге аяқ басқанда келгенін айтқанда, шынымен таңқалдым. Сегіз жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан үкіметтік емес ұйымы бар екенін естігенде тіптен қуандым. Өйткені, ауылда үйренсем деген жас болғанымен, үйретушілер табылмай жататыны жасырын емес.

t

- Мен Үкіметтің жұмысын қоямын, ендігі өмірімді өзіме, әйел-аналарға арнаймын, зейнеткерлікке дейін де үйде жай отырмайын, - деп анамнан үйренген тігіншілік өнерді қолға алғанымда өз балаларым мен өмірлік жолдасыма дейін маған қырын қарағаны рас. Содан бері де біраз уақыт өтті. Бүгінде мен тіккен киімді балаларым мен жиендерім ұнатып киіп, тіпті тапсырысым да көбейді. Бірнеше жыл мемлекет жұмысында жүрген кезімде біраз құрмет көргеніммен, бүгінде ел арасында менің көмегіме мұқтаж жандарға қуаныш сыйлап жүргенімнің орны бір бөлек, - деп әңгімесін жалғады Гүлсім Биташева. Ол - бүгінде «Аналар үндестігі» атты қоғамдық қордың төрайымы.

t

Гүлсім апай былтыр бес-алты қыз-келіншекті бір күн бойы ақылы оқытса, кешегі күні тағы да өзі келіп ауылдың бірқатар көпбалалы аналарына бір күндік шеберлік сыныбын тегін жүргізіп, алғыс арқалап кетті. Қатысқан аналар матамен жұмыс, пішу, тігіс түрлері сонымен бірге машинамен тігуді үйреніп, түрлі етек, шалбар, жейде, көйлектерін піштіріп әкетті. Тегінде, мынадай сауапты іс жасау, екінің бірінің қолынан келмейді. Десек те, алдағы уақытта ауыл ішіндегі қолы іс білетін нәзікжандылар арасынан тәлімгерлер қарастырып, осы үрдісті әрі қарай жалғастырмақ ойымыз бар.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА,

аудандағы азаматтық орталық маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521