Қ.Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

«Кешірім сұрайтындай себеп көріп тұрған жоқпын, бұл оқиға – табиғи нәрсе».

Жақында ғана отандық тілшілердің бірі Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа "Арыс қаласында болған жағдай үшін халықтан кешірім сұрар ма едіңіз?" деп сауал қойғанда, министр осылай деген еді.

Министр мәлімдемесінен кейін ел арасында әртүрлі пікірлер туындап, әлеуметтік желіде Ермекбаевтың әңгімесі біраз талқы болды. Тіпті сұхбатқа қатысты пікір білдірушілердің дені шенеуніктің бұл сөзі үшін жауап беруі тиістігін айтса, бір тобы оқ-дәрі қоймасының жарылуын табиғаттан көрген басшыны жерден алып, жерге салып жатты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та Арыстағы төтенше жағдайға байланысты министрдің басынан сипай қоймапты. Бұл жөнінде жазған Tengrinews.kz сайты "Президент Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады" деп хабарлайды. "Қазір біз әскери ведомствоның жүйелі кемшіліктері мен бақылауының әлсіреуі салдарымен күресіп жатырмыз. Сіз Қорғаныс министрлігі жүйесінде салыстырмалы түрде жаңа адамсыз, бірақ, істің жағдайы үшін толық жауап бересіз. Мен Жоғарғы Басқолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігіндегі істер жағдайына қанағаттанбаймын, сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын" деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында" делінген мақалада.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521