Түбіртек бер десең, аппарат жоқ дейді

Қала дүкендерінен сіріңке алсаң да түбіртек қоса беріп жатады. Ал, бізде ол үрдіс жоқтың қасы.

Тауар алып тұрып: - «Енді мұның түбіртегі болмай ма?» десең, саудагерлеріміз бетіңе қарап тұрып: «Ондайды басып шығаратын аппарат жоқ» дей салады. Бұл туралы жиын-мәжілістерде айтып жүрсем де, еш нәтиже жоқ. Не мемлекеттік кірістер басқармасы қадағаламайды, не ауылдық округ әкімдігі де еш шара алмайды. Түптеп келгенде бұның астарында салықтан жалтару пиғылы жатқанын қалың бұқара түсіне ме, жоқ па?

Таяуда аудандық газет бетінде «Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал» деген тақырыппен мақала жарияланды. Оны оқығандар бұл ұтысты өткізу арқылы өкімет ел ішіндегі кәсіпкерлік нысандарында кез келген жасалатын сауда үшін арнайы түбіртек басылып шығуын қамтамасыз еткісі келетінін түсінуге болады, әрине. Алайда, бұл талаптар қалалық жерлерде болмаса, ауылдар мен елді мекендерде орындалып жатқан жоқ.

Бізде көп адам өзін халыққа қызмет етіп жүрміз деп ойлайды. Бірақ елге қызмет ету деген ең төменгі сатыдан бастау алатынын аңғармайды. Ол үшін асқан ақылды немесе көзі ашық зиялы болу шарт емес. Тек ұстаздарымыз бала тәрбиесін ойдағыдай атқарса, дәрігерлер алдына келген науқасты шын жанашырлықпен емдесе, әнші-әртістер ақша үшін емес, рухани байлық үшін өз өнерін көрсетсе, ал сауда нүктелері ел қазынасына түсетін әр тиын үшін адал қызмет жасаса жетіп жатыр. Сонда біз дамыған елге айналырымыз анық.

Мұстажап АЯШҰЛЫ,

зейнеткер

Жанбай ауылы

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521