Туған жердің құндылығын паш етіп

Әркімнің туған жері – өзіне Мысыр шаһары. Бұл сөзді бабаларымыз ерте замандарда айтып кеткен. Туған жердің қадір-қасиетінін жырлап өткен.

Сол туған жердің сай саласы мен түтінін, топырағы мен жер-суын мақтан тұтып, адамның ең бір тамаша құндылығын паш ету мақсатында кеше Тұщықұдық ауылында «Менің ауылым» мәдени жобасы өткізілді.

auil11

Шараға көршілес Махамбет ауданының делегациясымен бірге осы топырақта өсіп-өнген қариялар, ауыл тұрғындары қатысты. 1-ші қазан – қарттар күніне орайлас өткізілген шарада киіз үй тігіліп, ауылдың мәдениет құрылымы өкілдері әзірлеген концерттік бағдарлама ұсынылды.

auil3

Сонымен бірге қолөнер бұйымдарынан көрме, спорттық сайыстар да шара көркін қыздырды. Алтыбақанда жастар қауымы әуелете ән шырқаса, үлкендер жағы көптен көрмеген сыралғы замандастарын көріп, мәре-сәре болысты.

auil4

Шара барысында өңірдің мәдени-рухани өміріне белсене араласып жүрген белсенді адамдар шоғыры ауылдық округ әкімі Мәди Өтеғалиев тарапынан марапатталды.

auil5

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521