ӨЗ ТАҢДАУЫҢДЫ ЖАСАДЫҢ БА?

Таңғы сағат жетіде басталған бүгінгі сайлау аудан аумағындағы барлық 15 учаскелік сайлау комиссияларында бір мезетте басталып, Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды.

Елінің келешегіне алаңдаулы тұрғындар учаскелердің ашылуына қарайлас келіп, өздерінің азаматтық борыштарын бірінші болып атқарып кетті.

s

Аудан аумағында орын тепкен өндірістік кәсіпорындар да бұл іске қызу қолдау білдіріп, вахтада жүрген қызметкерлеріне сайлауға қатысу үшін үлкен мүмкіндік жасап, жұмыс уақытынан бір-екі сағатқа босатып қана қоймай, автокөліктермен де қамтамасыз етуде. Сондықтан да шығар, әзірге бұл саяси шарада өндіріс саласы мамандарының қарасы мол. Зейнеткерлердің де көбісі таңғы 8 бен 10-ның арасында дауыс беріп кетсе, жастар қатары енді ғана аңғарыла бастады.

s

s

Мәселен, Абай атындағы орта мектеп ғимаратында орналасқан №134 учаскелік сайлау комиссиясына келген 84 жастағы Алтын Билялова әзірге ең қарт сайлаушы болса, тиісінше, Аққыстау орта мектебінде орналасқан №133 уаскелік сайлау комиссиясына келіп, алғаш рет дауыс берген Ақнұр Қалиматова - ең жас сайлаушы.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521