bannerqaz

Жоғымды бір күнде тауып берді

ҚР Президентi Қ.Тоқаев күні кешегi Жолдауында полицияның қауiпсiздiкті қамтамасыз ету үшін азаматтарға қызмет көрсететін органға айналатынын атап айтқан болатын.

Шынында да біз полиция қызметкерлерiнiң күндiз-түнi қарбалас жұмыстарынан бейхабармыз. Оны күні кеше өзiмнiң басымнан өткен оқиғадан кейін түсіндім.

Күнi кеше ішінде құжаттарыммен бiрге ақшаларым бар әмиянымды жоғалтып алып, сол бойда аудандық полиция бөлiмiне арыздандым. Бөлiм бастығынан бастап полиция қызметкерлерi күндiз-түнi мекемелердегi бейнекамералар арқылы iздестiрiп, алған адамдарды тауып, әмиянымды бір күннің ішінде қолыма ұстатты.

Осы оқиға барысында полиция қызметінің қарапайым халыққа көрiне бермейтiн қауырт жұмыстарына өзiм куә болдым. Сондықтан да Исатай ауданы полиция бөлiмiнiң бастығы, полковник И.К.Бекқалиев, жедел уәкiлдерi Н.К.Бисенғалиев және Н.Г.Сұңғат мырзаларға, жалпы аудандық полиция бөлiмiнiң бүтін құрамына алғысым шексiз. Жұмыстарыңыз жемiстi болсын!

Анар ХАЛИДУЛЛИНА,

Аққыстау ауылының тұрғыны

Сурет: ашық дереккөзден

 

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz