bannerqaz

Қорқақ адам кәсіпкер бола алмайды екен

Қазіргі кезде жеке кәсіп бастағысы келетін адамдар көп. Тіпті, мемлекеттік мекемеде немесе жеке нысанда айлыққа жұмыс жасап жүріп те жеке ісімді ашсам ғой деп армандайтындар қатары күннен-күнге артуда.

Дегенмен, сол арманын жүзеге асыру үшін көбіне-көп тәуекел ете алмайды. Соңғы кездері қазақ жастарына бизнес-тренинг жүргізумен айналысып жүрген долларлық миллионер жамбылдық Қуаныш Шонбайдың айтуынша, бұған мынадай себептер бар екен:

- Жұртқа қарыз болып қалудан қорқу;

- Ағайын-туыстың алдында қарабет болып қалудан қорқу;

- Ниет бар, бірақ несие алу үшін банкке қоятын кепіл жоқ;

- Кепіл бар, бірақ уақыты жоқ;

- Уақыты бар, бірақ жалқаулығы басым;

- Ниет те, құлшыныс та, арман, да мақсат та бәрі бар, тек ақша жоқ. Банк несие бермейді, өйткені несие тарихы нашар.

Сондықтан, мейілінше көп ақша талап етпейтін, көп уақытты да алмайтын, егер үйлеспей жатса, минималды шығынмен тоқтата салатын немесе үйлесіп кетсе минималды ақшамен біртіндеп максималды табысқа жетуге болатын төмендегі бірнеше бизнес-идеяны ұсынамыз. Бәлкім кәсіпкер болғысы келіп жүрген ауылдастарымызға септігі тиіп қалар...

• Инстаграмда бизнес. Жай ғана бір дүкенді немесе белгілі бір марканы жарнамалап, күніне 3 рет пост шығарып ақша табуға болады. Мұндай админ кемі 30 мың теңге алады. Ал, егер де постыңызды ілгері жүргізіп үйренсеңіз, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға болады.

• Қолдан жасалған кез келген заттар. Мысалы, сыйға тартатын кәдесыйлар, ағаштан ойылған естеліктер, моншақтар, қағаздан жасалған аққу, тиын, қоян, т.б. құс, жан-жануар кейпіндегі заттар. Бұл жерде мүмкіндік көп, затыңыз әдемі болса жақсы ақшаға сатуға болады.

• Үйден әртүрлі тағамдар пісіріп сату. Мысалы, самса, бәліш, тәтті тоқаш пісіріп, түрлі салаттар жасап, жеке азық-түлік дүкендерімен келісіп, өніміңізді аз-аздан саудаға шығаруға болады.

• Өз аймағыңызда үй тазалаймын деп инстаграм, телеграмға xабарландыру беріп көріңізші. Қоңырау көп болса жұмыссыз жүрген адамдарды жұмысқа алып, бастап кетсеңіз еш кедергі жоқ.

• Жаз айларында сұранысы көп бизнестің бір түрі - құдалық, тойларға үстел, дастарxан, қазан, ошақ, болмаса даяшы апарсаңыз – үлкен олжа. Егер де аспаз қоссаңыз тіпті керемет. Қонақтықтың артынан жуып, тазалап кетсеңіз тапсырыс берушілер өте жақсы ақша төлейді деп ойлаймын.

• Дайындаушы. Кішкентай балаларға сабақ үйретуге болады.

• Бір сағаттық көмекші. Егер қолыңыздан сылақ жүргізу, түсқағаз жапсыру, ағаш жону, есік қою, электр тоғын жүргізу секілді жұмыстар келсе, онда хабарландыру беріп қойып отыруға болады.

• Бала бағушы. Кісі үйіне бармай-ақ өз үйіңізге әкеліп, әр балаға 500-700 теңгеден алсаңыз, күніне әжептеуір ақша табуға болады.

Аслан МҰРАТҰЛЫ

Сурет ашық дереккөзден алынды

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz