Аманқос республикалық турнирде жеңімпаз атанды

Ақпан айының соңында Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында республикалык ашық турнир өтті.

«Қызыл ту» орденінің иегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Қабден Шыңғысовты еске алуға арналған» жарысқа көршілес Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері жане Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Туркістан, Ақтөбе, Карағанды,Кызылорда облыстарымен қатар, Астана, Шымкент, Жезқазған,Теміртау қалаларынан командалар катысып, 9 салмақ дарежесі бойынша 350-ге жуық жас палуан бақ сынады. Аталмыш жарыста Исатай БЖСМ шакірттері де сынға түсті. ҚР чемпионаты алдында шеберліктерін шыңдаған спортшыларымыз бұл жарыс қорытындысы бойынша төмендегідей нәтиже көрсетті. 55 келі салмақ дәрежесінде белдескен Аманқос Ұзақбаев 6 кездесу өткізіп, қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілсе, 50 келіде бақ сынаған Диас Мақсотов пен 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дінмұхаммед Қилымов 5 кездесу откізіп, 3-орын үшін болған кездесуде ұпай санымен жеңілді. Осылайша 5-орынға табан тіреген палуандарымыз, «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды. Палуандардың жаттықтырушылары - Үмбет Мусағалиев, Азамат Лесов.

aman02

Айта кетейік, жақында Атырау каласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен Атырау облысынын ipiктеу чемпионатында Диас Мақсотов 50, Аманқос Ұзақбаев 55 келі салмақта екінші, Дінмұхаммед Қилымов 60 келіде үшінші орындарды иеленген болатын. Аталған спортшылар сәуір айының 7-10-ы күндері аралығында Шымкент қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Жас спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521