bannerqaz

«Ата-анаң кім үшін жүр?» А.Назаров жастарға ақылын айтты

Бүгін исатайлықтар ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, ұлт жанашыры, жастар көшбасшысы Ардақ Назаровпен кездесіп, оның тағылымға толы әңгімесін тыңдады.

Кешті ашып сөйлеген аудан әкімі Марат Мурзиев Ардақ пен  ағасының жолын қуған Бейбіт Назаровқа алғыс хат ұсынып, қазақы салтпен шапан жапты.

ard

Жас та болса, көргені мен түйгені мол азамат кейінгі ұрпаққа өзінің өміріндегі ең елеулі деген сәттерден сыр шертіп, кейінгі толқынды имандылыққа, адамгершілікке, отаншылдыққа шақырды. Жастардың сұрақтарына да жауап берді. «Айтайын дегенім, айналайындар, бөлінбеңдер. «Анау төртінші сынып, мынау бесінші сынып» немесе «анау Беріш, анау Адай деген сияқты бөлінушілікке баруға болмайды. Бір қазақтың баласымыз, сондықтан бәріміз бір үйдің ұлы мен қызындай болуымыз керек. Еңбек етейік, ата-анамызды сыйлайық, құрметтейік, оларды сыйлаған жан ешқашан жаман адам болмайды екен. Мен соны түсіндім»

ardak3

Осылай деген спортшы Пайғамбар хадисінде келген: «Үш адамның тілегі қабыл болады» деген тәмсілді ойға алды.

«Оның біреуі - ата-ана. Ата-анасының батасын алған бала өседі, өркендейді. Оның жолы болады. Кейбіреулердің «Жолым болмай жүр, ісім алға баспайды» деп жүргенін естиміз. Неге оның ісі алға басады екен, егер ата-анасын құрметтемесе, ақыл айтса, «қойшы, өзім білемін» десе. Ойлап көр. Әкеңнің айтқанын тыңдамайсың. Қалай сенің жолың болады? Ол сенің ата-анаң ғой. Сені өмірге алып келген солар ғой. Тоғыз ай, тоғыз күн сені көтерген анаң емес пе?

ardak4

Өмір мен өлімнің ортасында сені жарық дүниеге әкелген кім? Сенің анатайың, әрине. Сені ақ сүтімен емізген кім? Анашың. Сені қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген, бетіңе жел тигізбей бағып қаққан әкең екеуі. Солар сенің үйге келуіңді күтіп отыр, тамағыңды жасап, киіміңді үтіктеп беріп: «балақаным аман болсыншы деп, осының өмірі жарқын болса екен деп үнемі тілейді. Ал, сен болсаң жүресің мына жақта неше түрлі нәрсені істеп. Үмітін ақтамайсың, мойнына масыл боласың. Ал, әкең ше? Әкең такси болады немесе вахталық жұмыста жүр. Үйде бір ай жоқ. Ойлашы, кімі үшін? Сен үшін ғой, айналайын! Сенің асың, киімің, болашағың, сенің оқуың үшін ақша жинап жатыр. Ал, біз солардың үмітін ақтай алып жатырмыз ба?»

ardak5

Қазақ мақтанышының әсерлі әңгімесі көптті ұйытты. Әшейінде жиынның бітуін күтпестен есікке ентіге жүгіретін көрермен кездесуден соң далаға емес, сахнадағы спортшыға қарай беттеді. Сұхбаттасып, суретке түсу үшін.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz