bannerqaz

Атыраулық параспортшылар алтыншы орынға ие болды

12-17 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында Тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында ҚР V Паралимпиада ойындары өтті.

Бұл жайлы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Еліміздің 17 өңірі өзара мықтыны анықтаған төртжылдықтың бәсекесінде Атырау облысы құрамасы 22 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен алтыншы орынға ие болды.

Cпорттың жеті түрі бойынша өткен додада 53 жерлесіміз бақ сынады. Отырып ойнау волейболы командасы 13 құрама арасынан үздік шықты. Парадзюдошыларымыз да еліміз бойынша мықты екендерін дәлелдеп, 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен бірінші орын алды. Үстел үсті теннисі командасы 6 алтын және 1 күміс медальмен көш бастады. Жеңіл атлетика, мылтық ату, жүзу секілді спорт түрлерінен де облыс спортшылары жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz