Бұрхан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, ардагер спортшымыз Бұрхан Оралбеков әлем чемпионатың жүлдегері атанды.

Кипрдің Лимасоль қаласында ардагерлер арасында самбо күресінен өткен әлем чемпионатында бақ сынағандардың бірі, талай спортшының бұғанасын бекітіп, қанатын қатайтқан аудандық спорт мектебін басқаратын Бұрхан Оралбеков еді.

Бұған дейін де біраз белестерді бағындырған жерлесіміз, әсіресе, соңғы бірер жылда ардагерлер арасында ел чемпионаттарында топ жарып, әлі еде бабында екенін байқатқан. Осы жолы сонау Кипрде өткен байрақты бәсекеде қола жүлдегер атанған ардагер аудан спортының абыройын тағы бір мәрте асқақтатты. Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Серікбол БЕРІКБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521