Баскетболшы қыздарымыз жеңіске жетті

Ақтөбе облысында ақпан айының 28-і мен наурыз айының 4-і күндері аралығында баскетболдан жасөспірім қыздар арасында қалааралық ашық турнир өтті.

basc0105

2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен турнирге Ақтөбе облысынан Шалқар, Алға аудандары мен Қандағаш, Кызылорда, Қазалы, Орал, Ақтау қалаларымен қатар ауданымыздан Исатай БЖСМ-нің баскетболшы қыздар командасы бақ сынап, жерлестеріміз 1-орынды жеңіп алды.

basc050320

- Қыздарымыз енді алдағы сәуір айының 4-11-і күндері аралығында Түркістан қаласында 2007-2008 жылы туған қыздар арасында өтетін Қазақстан чемпионатында "Атырау Барыстары" құрама сапында облыс намысын қорғауға дайындалады, - дейді сүйінші хабарды жеткізген команда бапкері Исатай БЖСМ баскетбол бөлімінің жаттықтырушысы Эльдар Тағатов. Жақында осы Аққыстау орта мектебінің кыздары баскетболдан Атырау облыстық 7-8 сынып мектеп лигасында топ жарып, Талдықорған каласында, сәуір айының 13-19-ы күндері өтетін республикалық ақтық ойынға жолдама алды, - дейді бапкер.

basc0503

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521