Бауыржан Исламхан ресейлік "Зенит" клубына ауысты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербургтың "Зенит" командасына ауысты.

Бұл жайлы Vesti.kz сайты хабарлайды.

Ресейлік премьер-лиганың көш басында тұрған команда қазіргі таңда Катардағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында.

Таяуда ғана Исламхан алматылық "Қайратпен" жаттығу өткізген. Ал бүгін, 16 қаңтарда "Зенитте" болуы тиіс. Айта кетсек, футболшының алматылық клубпен 2019 жылдың соңында келісім шарты аяқталған еді. Исламхан оны ұзартуға тырыспаған. Сондай-ақ келісім бойынша ҚПЛ-да да мансабын жалғастыра алмайды.

Бауыржан Исламханға ресейлік "Локомотив" және "Крылья Советов" клубтары қызығушылық танытқан. Еске сала кетсек, еліміздегі ең қымбат 15 футболшының рейтингі жасалды. Тізімді Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан бастап тұрғаны айтылды.

Оның нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрады.

Екінші орынды елордалық "Астана" клубында доп бірге доп тепкен Дмитрий Шомко мен Роман Мұртазаев бөлісіп тұр. Олардың бағасы Исламханға қарағанда жарты миллион еуро арзан.

Жартылай қорғаушы Исламбек Қуат 2 миллион еуромен тізімнің төртінші сатысына жайғасқан. Үздік бестікті "Ордабасы" қақпашысы Дмитрий Непогодов қорытындылап тұр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521