bannerqaz

Еркебұлан мен Абылайхан – Азия чемпиондары

Қыркүйек айының 12-15-і күндері аралығында Үндістан елінің астанасы Дели қаласында самбодан Азия чемпионаты туын көтерген болатын.

Бұл сынға Азия құрлығының 20 елінен 400-ге жуық спортшы қатысып, дода көркін қыздырды. Жасөспірімдер, жастар, ересектер арасында болып үш кезеңде өткен жарыста Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру-даярлық клубының директоры Асхат Жұмабекұлының қос шәкірті бақ сынап, қарсыластарын қоғадай жапырып, екеуі де Азия чемпиондары атанды.

img-20190917-wa0007

Олар - жасөспірімдер арасында 52 келі салмақта сынға түскен палуанымыз Абылайхан Мейрамбекұлы мен дәл осы салмақта ересектер арасында белдескен «Барыс» балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық клубының спорт нұсқаушысы Еркебұлан Қуанғалиев болатын. Екеуі үшін де құрлық додасы қиынға түспегенге ұқсайды. Ол туралы спортшылардың бапкерімен телефон арқылы сөйлесіп білдік. «Абылайхан алғашқы кездесуінде Қырғыз елінің спортшысын оңай ұтса, екінші кездесуінде ауғанстандық палуанды таза жеңді. Ал, ақтық сында өзбекстандық қарсыласынан ұпай айырмасымен басым түсіп, Азия чемпионы атанып отыр» дейді бапкер.

chempson

Сондай-ақ ол келесі күні ересектер арасында жарыс жолына шыққан Еркебұлан Қуанғалиев алғашқы белдесуінде индонезиялық, келесі айналымда Непал елінен келген палуандарды уақытынан бұрын жеңгендігін айтады. Ал, финалдық белдесуде Өзбекстан елінен келген қарсыласын да уақытынан бұрын мойындатқан Еркебұлан боз кілемдегі барлық кездесулерін де бір минуттан асырмаған екен. Осылайша Азия чемпионы болған Еркебұлан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.Айта кетейік, екі палуан да биылғы Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары.

Ал, бұған дейін де талай додада топ жарған Еркебұлан күні бүгін 20 жасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған ауданымыздағы ең жас спортшы болып отыр. Тағы бір айта кетер жайт, жастардан биыл ғана ересектер дивизионына ауысқан палуан шын мықтылардың арасындағы алғашқы сапарын сәтті бастады. Енді бұл мықтыларды әлем чемпионаты күтіп тұр.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz