Исатай ауылында кіші аяқдоптан жарыс өтті

Исатай ауылдық округі әкімі кубогі үшін жастар арасында кіші аяқдоптан жарыс өтті.

«Исатай», «Разведка», «Жастар» секілді командалар қатысқан жарыстың ашылуында Исатай ауылдық округі әкімі аппаратының әдіскер-нұсқаушы Нұрлан Пауеденов командаларға сәттілік тіледі, сондай-ақ ол турнирге қазылық етті.

Қызу да, тартысты өткен доп додасында командалар, бар шеберліктерін салды. Ауыл жастары белсене қатысқан бұл бәсекеде Тұрар Дүйсалиев «Үздік шабуылшы» атанса, Асылбек Даулетов «Үздік қақпашы» атағына ие болды.

k

k

Жарыс қорытындысы бойынша «Исатай» командасы жүлделі ІІІ орынға тұрақтады, ал, «Жастар» командасы ІІ орынды еншіледі. Алдына қара салмаған «Разведка» құрамасы болса қарсыластарын қапы қалдырып, жарыс жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубок, медальдармен қоса «TUMAR» жеке кәсіпкерлігінің демеушілігімен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Кәсіпкерлік атынан қаржылай сыйлық көмекші төрешілер Ринат Елеусінов пен Бекзат Амангелдіге де ұсынылды.

Айнұр Әжіғалиева,

Исатай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521