bannerqaz

Исатайлық қыздар құрманғазылықтарға қоса қалалықтарды да тізе бүктірді

Жақында Құрманғазы ауданында қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир болып өтті.

Аталған турнирде ауданымыздағы Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары да бақ сынаған болатын.

«Атырау – 1», «Атырау – 2», «Құрманғазы – 1», «Құрманғазы – 2» командаларымен кездескен жерлестеріміз қарсыластарының барлығын да айқын басымдылықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Мейрамгүл Масалова баптаған аудан құрамасы сапында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен Айсана Серікқызы «Жарыстың үздік ойыншысы» аталымына ие болды.

С.БЕРІКБАЙ

Бейнебаян жаңалығы

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_sidebar-min

bannerqaz