KMG Burgylau ұжымы Азия чемпионымен кездеседі

KMG Burgylau ұжымы биыл жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Сабырғали Аманатпен кездеседі.

Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға бір жолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.

Анықтама: 12-17 қараша күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында ауыр салмақ дәрежесінде атыраулық Аманат Сабырғали (2002 ж.т.) сынға түсіп, құрлық додасының жеңімпазы атанды. Аманат іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірген. Ал, ақтық сында Оңтүстік Кореялық қарсыласынан басым түсті.

Аманат Сабырғали – кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жастар арасында Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Жаттықтырушысы - Сахипов Ерлан, екінші жаттықтырушысы - Торғаев Сәрсенбай.

Өтетін жері: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116е, 4-қабат, конференц-зал.

Өтетін уақыты: 21 қараша, 2019 жыл, 15:00.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521