Нұрсәт – ел чемптонатының қола жүлдегері

Жақында джиу-джитсудан жастар және ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге тарта спортшы қатысқан бұл сында Исатай балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Нұрсәт Құттыбаев та өнер көрсеткен болатын. 94 келіден жоғары, яғни, аса ауыр салмақта күш сынасқан жерлесіміз 4 жекпе-жек өткізіп, нәтижесінде қола медальға ие болды. Бұған дейін белбеу күресінен өткен ел чемпионатында жүлдегер атанған Нұрсәттің бұл - джиу-джитсудағы алғашқы біріншілігі.

Палуанымыздың алар асуы биік болсын!

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521