Қос қызымыз ел чемпионатынан жүлде салды

Көкшетау қаласында мамыр айының 25-27-сі күндері аралығында джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.

Аталған жарыста Атырау құрамасының атынан шыққан Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары өз бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып қайтты. Атап айтар болсақ, 36 келі салмақ дəрежесінде өнер көрсеткен Асылзат Нұрланқызы мен 44 келі салмақта бақ сынаған Гүлназым Болатқызы 3-орындарға ие болды.

Спортшыларға алдағы уақытта көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымызды əлемдік додаларда шырқатсын деп тілейміз.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521