Адам құқығы мен қадір-қасиеті – Жаңа Конституцияның өзегі

 

Жаңа Конституция жобасының жариялануы – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс сәттердің бірі деп бағалаймын. Бұл құжат уақыттың үнін тыңдап, қоғамның ішкі сұранысын ескеруге ұмтылған терең пайымның жемісі екенін аңғартады. Ашық талқылаулар мен сан алуан пікірлердің ескерілуі реформаның халықпен бірге жасалғанын көрсетеді.

Реформаның өзегінде – адам тағдыры, азаматтың құқығы мен қадір-қасиеті тұр. Мемлекеттің басты байлығы ретінде адамды алға шығару – саяси шешім ғана емес, құндылықтық таңдау. Бұл бағыт елдің болашағын билік құрылымдарымен емес, саналы азаматтарымен байланыстыруға жол ашады.

Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның құқықтық кеңістігін жаңартып қана қоймай, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуды көздейді. Жаңа Конституция – бүгіннің талабына жауап беріп, ертеңге бағытталған ортақ жауапкершіліктің көрінісі.

Түптеп келгенде, бұл Конституциялық реформа – заң мәтінін жаңарту емес, елдің ертеңіне деген көзқарасты қайта таразылау деп ойлаймын. Адамды алдыңғы орынға қойған, әділет пен жауапкершілікті негіз еткен бұл бастама қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтіп, ортақ болашаққа бастайтын берік негіз бола алады.

 

Жайна Мәлімқожа,
Исатай аудандық «Нарын таңы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, 
ҚР Журналистер одағының мүшесі, 
Исатай аудандық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT