Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, оның отбасына және қоғамға да кері әсер етуі мүмкін. Мас күйіндегі адамның жауапсыз әрекеті түрлі жанжалдарға, құқық бұзушылықтарға және жолдағы қауіпті жағдайларға себеп болуы ықтимал. Сондықтан алкоголь мәселесіне салғырт қарауға болмайды.
Бұл жерде ең маңыздысы – адамның өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы. Әсіресе жастардың алкогольден аулақ болып, спорт пен салауатты өмір салтын таңдауы маңызды. Алкогольді тұтынудың алдын алу мен шектеу халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралардың бірі болып табылады.
Менің пікірімше, нағыз еркіндік – зиянды әдетке тәуелді болу емес, өз өміріңді өзің басқара білу. Салауатты ұрпақ – мықты отбасының, ал мықты отбасы – қуатты мемлекеттің негізі.
Ә.ҒҰБАШОВА


