Құқықтық сауаттылықты арттыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында, Исатай ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана-мен баланы қорғау» атты форум ұйымдастырылды.
Форум барысында Исатай АПБ-нің бастығының орынбасары полиция майоры Жумагалиев Едіге Қажымұқанұлы, аудандық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Ергалиев Айнур Туребаевна және Мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Айбатыр Бекішұлы ашық пікір алмасып, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, және психологиялық қысымның алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар, қатысушыларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік қолдау бағыттары түсіндірілді.
Іс-шара жастарды мейірімділікке, өзара құрметке және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.
Динара Төлегенова Болатбекқызы
Исатай аудандық полиция бөлімінің
Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің Отбасы тұрмыстық
зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы
полиция капитаны



