ҚР Ата Заңы жобасының негізгі жаңалықтары құқықтық қорғау жүйесін әрі құқықтық кепілдіктерді күшейтуді көздейді.
Алғаш рет Конституцияда адвокатура және адвокаттық қызмет туралы арнайы бап бекітілді. Бұл адвокаттық қызметтің мәртебесін ресми түрде заңдық деңгейде қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, зияткерлік меншікті қорғау нормалары енгізіліп, өнертабыстар мен авторлық құқықтарды құқықтық тұрғыдан қорғау күшейтілді.
Азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды қадам ретінде «Миранда ережесі» бекітілді, ол ұстау кезінде азаматтарға құқықтарын түсіндіруді міндеттейді және құқық қорғау органдарының жауапкершілігін арттырады. Осылайша, жаңа жоба құқықтық қорғауды заманауи және халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіреді.
Сағыныш ҚАЙЫР,
"Нарын таңы"газетінің тілшісі



