📢 «Аулада қабылдау» акциясы Исатай ауданы, Аққыстау ауылында өткізілді.
2026 жылғы 23шілде күні Исатай ауданының Аққыстау ауылы, Мұнайшы көшесінде «Аулада қабылдау» акциясы аясында тұрғындармен және балалармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараны Исатай аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полициямен дербес органдармен тұрғындармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында тұрғындарға қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, интернет қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі уақытта жасөспірімдердің заңды өкілінсіз жүруіне қатысты заң талаптары, мопедтер мен велосипедтерді қауіпсіз пайдалану, өрт және судағы қауіпсіздік мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар балалар мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында олардың сұрақтарына жауап беріліп, құқықтық кеңестер берілді. Тұрғындарға құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы полиция қызметі туралы түсіндірілді.
“Аулада қабылдау” акциясы
- Информация о материале
- Автор: NarynTany
- Категория: Көзқарас
- Read Time: 1 min
- Просмотров: 39


