#Заңментәртіп
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Исатай АПБ ҚҚб бастығы полиция капитаны Р.Бағытов Учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Р.Қуанышев Учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Қадіржанов пен Аққыстау ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Полиция қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу шараларын түсіндіріп, интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілері мен алаяқтардың әрекеттерінен қорғану жолдары, сондай-ақ бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, тұрғындарға «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалықты сақтау мәселелері бойынша түсіндірме берілді. Кездесуге қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және аулалар мен оған іргелес аумақтардың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырылды.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкері тарапынан жан-жақты түсіндірмелер берілді. Барлық көтерілген мәселелер қаралып, кездесуге қатысушылар өздерін қанағаттандырған жауаптарын алды.


