Бала қауіпсіздігі – кез келген қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Баланың дені сау, алаңсыз әрі қауіпсіз ортада өсуі ең алдымен ата-анаға, мектепке және жалпы қоғамға байланысты. Қазіргі таңда балаларды тек көшедегі қауіптен ғана емес, буллингтен, интернеттегі зиянды ақпараттан және түрлі келеңсіз жағдайлардан қорғау маңызды.
Менің ойымша, балаға қауіпсіздік ережелерін үйретумен қатар, оның пікірін тыңдап, кез келген мәселесін ашық айтуына жағдай жасау қажет. Себебі өзін қауіпсіз сезінген бала ғана еркін дамып, сапалы білім ала алады. Сондықтан әрбір ересек адам бала қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, оның құқығы мен өмірін қорғауға үлес қосуы тиіс.
С.ҚАЙЫР



