Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тек ата-ананың немесе мектептің міндеті деп қарауға болмайды. Бала үйде, мектепте, көшеде ғана емес, интернет кеңістігінде де қауіп-қатерге тап болуы мүмкін. Әсіресе әлеуметтік желілердегі бейтаныс адамдар, кибербуллинг, жалған ойындар мен интернет-алаяқтық балалар үшін үлкен қауіп тудырады.
Сондықтан баланы тек «бұған болмайды» деп шектеу жеткіліксіз. Оған қауіптің себебін түсіндіріп, күмәнді жағдайға тап болғанда кімнен көмек сұрау керектігін үйрету қажет. Ең маңыздысы – бала ата-анасына қорықпай сырын айта алатын сенімді орта болуы. Менің ойымша, баланың қауіпсіздігі бақылаудан бұрын сенімнен басталады. Қауіпсіз балалық шақ қалыптастыру – бүгінгі қоғамның ғана емес, елдің болашағына деген жауапкершілігі.
А.АМАНЖОЛОВА


