Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

ашық дереккөзден

 

Бала қауіпсіздігі – қоғамның басты назарында болуы тиіс маңызды мәселе. Әрбір бала үйде, мектепте, көшеде және интернет кеңістігінде өзін қауіпсіз сезінуі керек. Баланы қорғау тек ата-ананың емес, ұстаздар мен бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі деп ойлаймын. 

Балаларға қауіп төнген жағдайда кімнен көмек сұрау керектігін, қауіпті жағдайдан қалай сақтану керегін ерте жастан түсіндіру қажет. Әсіресе интернеттегі бейтаныс адамдар, күмәнді сілтемелер мен зиянды контенттен сақ болуға үйретудің маңызы зор. Баланың қауіпсіздігіне жасалған әрбір қадам – еліміздің болашағына жасалған қамқорлық. Сондықтан балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз.

 

Ж.ДӘУЛЕТИЯР

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT