#Заңментәртіп
Исатай ауданы аумағында 2026 жылдың 29-31 шілде күндер аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Балалардың қауіпсіздігі» жедел- профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, сондай-ақ демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аталған іс-шара аясында:
1.Қоғамдық орындар мен көшелерде, әсіресе кешкі және түнгі уақытта патрульдік қызмет күшейтілді;
2.Түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілуде;
3.Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын сату деректерін анықтау бағытында тексерулер ұйымдастырылуда;
4.Ойын-сауық мекемелерінде және халық көп шоғырланатын орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жасөспірімдерді қоғамға жат әрекеттерге тарту фактілерін анықтау бойынша жұмыстар күшейтілді.
Құрметті ата-аналар мен тұрғындар!
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруіне жол бермей, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға шақырамыз.


