Баланың қауіпсіздігі — мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Бала өзін үйде де, мектепте де, көшеде де, интернет кеңістігінде де қауіпсіз сезінуі керек. Қазіргі таңда балаларды физикалық қауіптен қорғаумен қатар, буллинг, кибербуллинг және түрлі психологиялық қысымнан қорғау да маңызды.
Менің ойымша, бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді жолы — баламен үнемі ашық сөйлесу. Егер бала қандай да бір қиындыққа тап болғанда ата-анасына немесе мұғаліміне қорықпай айта алса, көптеген мәселенің алдын алуға болады. Ал ересектер баланың сөзін тыңдап, оның пікіріне құрметпен қарауы қажет.
Қауіпсіз балалық шақ — жарқын болашақтың бастауы. Баланың еркін күліп, білім алып, армандап өсуіне жағдай жасау — әрбір ересектің азаматтық міндеті. Баланы қорғау арқылы біз еліміздің болашағын қорғаймыз.
Ж.БЕЙСЕНБІҚЫЗЫ


