Бейбіт әрі сыйластыққа негізделген отбасы – мықты қоғамның негізі

ашық дереккөзден

 

Тұрмыстық жанжал – отбасының тыныштығына ғана емес, оның әр мүшесінің психологиялық жағдайына әсер ететін күрделі мәселе. Үй ішіндегі түсініспеушілік кейде қарапайым пікір қайшылығынан басталғанымен, уақытында шешілмесе, үлкен жанжалға ұласуы мүмкін. Сондықтан отбасындағы мәселелерді күш қолдану немесе қорқыту арқылы емес, сабырлы әңгіме мен өзара түсіністік арқылы шешу қажет.

Менің ойымша, тұрмыстық жанжалдың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – бір-бірін тыңдай білу және эмоцияны бақылау. Әр адам ашу үстінде ауыр сөз айтып немесе ойланбай әрекет етпеуге тырысуы керек. Егер мәселені өзара шешу мүмкін болмаса, жақын адамдардан, психологтан немесе тиісті мамандардан көмек сұраған дұрыс. Ең бастысы – зорлық-зомбылықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамау.

Отбасындағы қауіпсіздік, әсіресе балалар үшін, өте маңызды. Үнемі жанжал болатын орта баланың мінез-құлқына және психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан отбасы мүшелері бір-біріне құрметпен қарап, қиын жағдайда қолдау көрсете білуі керек. Тұрмыстық жанжалдың алдын алу – тек бір отбасының мәселесі емес, жалпы қоғамның қауіпсіздігіне қатысты маңызды міндет. Бейбіт әрі сыйластыққа негізделген отбасы – мықты қоғамның негізі.

 

А.МАРАТҰЛЫ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT