Бүгін отырғызған ағаш – ертеңгі ұрпаққа аманат

сурет ғаламтордан

 

Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің емес, келешек ұрпақтың алдындағы жауапкершілік. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясындағы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары қоршаған ортаны көркейтіп қана қоймай, адамдардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ағаш отырғызу, аумақтарды көгалдандыру, су көздерін таза ұстау – қарапайым көрінгенімен, маңызы зор істер. Бір талдың өзі табиғатқа пайда әкеліп, айналаға көрік береді. Ал осындай игі істерді көпшілік болып атқарсақ, туған жеріміздің экологиялық жағдайын жақсартуға нақты үлес қоса аламыз.

Меніңше, табиғатты бүгін қалай сақтасақ, ертеңгі ұрпаққа да сондай орта қалдырамыз. Сондықтан «Таза Қазақстан» – табиғатты қорғауға ғана емес, болашаққа деген жауапкершілікпен қарауға шақыратын бастама.

 

Т.КЕНЖЕҒАЛИЕВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT