Бүгінгі табиғат – ертеңгі ұрпақтың мұрасы

сурет: ашық дереккөзден

 

Табиғатты қорғау – тек бүгінгі күннің мәселесі емес, келешек алдындағы жауапкершілік. «Таза Қазақстан» аясындағы көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны тазарту жұмыстары адамдардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Меніңше, табиғатқа қамқорлық жасау үлкен істерден ғана тұрмайды. Бір тал көшет отырғызу, суды ысырап етпеу, қоқысты арнайы орынға тастау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі маңызды. Себебі үлкен өзгеріс күнделікті кішкентай істерден құралады. Табиғатты бүгін қорғасақ, ертеңгі ұрпаққа таза ауа, көрікті мекен және жайлы өмір сыйлаймыз. Сондықтан табиғатқа жанашыр болу – туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі.

 

Т.КЕНЖЕҒАЛИЕВ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT