Табиғатты қорғау – болашақ алдындағы жауапкершілік. «Таза Қазақстан» бастамасының маңызды бағыттарының бірі – көгалдандыру және табиғи ортаны сақтау. Бір тал отырғызу қарапайым іс болып көрінгенімен, оның пайдасы жылдар өткен сайын арта береді. Бүгін отырғызылған ағаш ертеңгі ұрпаққа көлеңке, таза ауа және көрікті орта сыйлайды.
Сондықтан табиғатты қорғауды тек мемлекеттік мекемелердің міндеті деп қабылдауға болмайды. Әр азамат туған жерінің табиғатына жанашырлықпен қарауы қажет. Меніңше, елді көркейту үлкен жобалардан емес, әр адамның өз ауласынан, өз көшесінен басталады. Табиғатқа жасалған әрбір қамқорлық – келешекке қалдырылған құнды мұра.
Г.ТУЛЕГЕНОВА



