Бүгінгі тазалық — ертеңгі ұрпаққа аманат

ашық дереккөзден

 

Табиғатты қорғау — қазіргі қоғамның ғана емес, болашақ ұрпақтың алдындағы жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» бастамасы бізге қоршаған ортаға бейжай қарамаудың маңызын көрсетеді. 

Бүгін біз бір тал ағаш отырғызсақ, бір аумақты тазаласақ немесе табиғи ресурстарды үнемдесек, ертеңгі ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға үлес қосамыз. Мен үшін бұл бастаманың ерекшелігі — адамдарды ортақ мақсатқа біріктіруінде. Себебі табиғатты сақтау үшін үлкен өзгерісті күтудің қажеті жоқ, әр адам өзінен бастаса жеткілікті.

Таза болашақ — бүгінгі саналы таңдаудан басталады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT